Алматы облысында 163 полиция қызметкері мерекеге орай түрлі марапаттарға ие болды
Алматы облысында 163 полиция қызметкері мерекеге орай түрлі марапаттарға ие болды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Алматы облысының полиция департаментінде Қазақстан Республикасы күніне арналған салтанатты іс-шара өтті. Маңызды іс-шара ішкі істер органдарының қызметкерлері мен ардагерлерін олардың құқықтық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қосқан үлестерін атап өту үшін жинады.
Іс-шара барысында 163 полиция қызметкері түрлі деңгейдегі марапаттарға ие болды. Ішкі істер министрінің бұйрығымен және полиция департаменті бастығының бұйрығымен қызметкерлер кезектен тыс арнаулы атақтарға ие болды, сондай-ақ адал қызметі үшін медальдармен, грамоталармен және алғыс хаттармен марапатталды. Сонымен қатар жас қызметкерлер салтанатты түрде ант қабылдады.
Көп жылғы еңбек жетістіктері құқық қорғау органдарының жаңа буынын тәрбиелеу үшін негіз болған Ішкі істер органдарының ардагерлеріне ерекше назар аударылды. Олардың өмірлік тәжірибесі мен өз ісіне адалдығы жас қызметкерлерді өз міндеттерін адал орындауға шабыттандырады.
– Бұл күні берілген наградалар полиция қызметкерлері азаматтардың құқықтық тәртібін, құқықтары мен бостандықтарын қорғауды қамтамасыз етуге жұмсайтын орасан зор еңбекті мойындаудың символына айналды. Мұндай іс-шаралар полициядағы қызметтің маңыздылығын және ел қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі әрбір табысты қадамның артында батыл және өз ісіне берілген адамдар тұрғанын еске салады, – деп атап өтті Алматы облысы ПД бастығы Мейрам Әбікеев.
Қазақстан Республикасының күні – бұл тәуелсіздік пен егемендіктің салтанаты ғана емес, сонымен қатар күн сайын құқықтық тәртіпті қаматамасыз ететіндерге алғыс білдіру мүмкіндігі.