Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

БҚО-да мереке қарсаңында тәртіп сақшысы үйлі болды

БҚО-да Республика күні қарсаңында учаскелік полиция инспекторына жаңа үйдің кілті табысталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарды баспанамен қамту жұмыстары қарқынды жалғасуда. Соның ішінде Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданында көктемгі тасқыннан зардап шеккен отбасылар жаңа үйлерге қоныс аударуда. Бұған дейін бірқатар тұрғын үй табысталған болса, мереке күндері қалған үйлердің кілті өз иелеріне тапсырылды.

25 қазан – Республика күні мерекесі қарсаңында Сырым ауданының әкімі Жұмагелді Батырниязов Өлеңті ауылының учаскелік полиция инспекторы Данияр Бақытжановқа жаңа тұрғын үйдің кілтін табыс етті.

Данияр Бақытжанов ішкі істер органдарында 2023 жылдың қаңтар айынан бастап қызмет етіп келеді. Қоғам қауіпсіздігі үшін күнделікті тынымсыз қызмет етіп, түрлі қылмыстың алдын алып жүрген полиция қызметкерлеріне баспана кілтінің берілуі олардың еңбегінің лайықты бағаланғанын көрсетеді.

Ауыл тұрғындары өздеріне көрсетілген қолдау мен су жаңа баспана үшін алғыстарын білдіріп, ризашылықтарын жеткізді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру