Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ҚР ІІМ Алматы академиясында халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізілді

ІІМ Алматы академиясында жыл сайын өтетін халықаралық ғылыми-практикалық конференцияда ең мықты халықаралық сарапшылар мен пр актиктер қоғам үшін өзекті тақырыпты қозғады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Сұрақтардың түп төркіні бір, ол – есірткі, және барлығының мақсаты да бір – есірткісіз қоғам құру.

Конференцияға АҚШ, Қырғызстан Әділет министрлігінің есірткі жөніндегі басқармасының өкілдері, БҰҰ есірткі жөніндегі басқармасының сарапшылары, сондай-ақ Қырғызстандағы БҰҰ ЕҚБ бағдарламалық кеңсесінің басшысы және Орталық Азия өңірлік ақпараттық үйлестіру орталығының өкілдері қатысты. Сондай-ақ ҚР ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитетінің басшылығы, ҚР ІІМ Алматы академиясының басшылығы мен қызметкерлері, ҚР ІІМ Қостанай академиясының бастығы және Алматы қаласы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы қатысты.

Конференцияның барлық қатысушысы өзекті мәселелер мен оларды шешу жолдарын белгілейтін баяндамалар жасады.

– 10 жылдан бері Алматы академиясы “Есірткісіз болашақ” тақырыбында халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізіп келеді. Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында құқық қорғау органдарына азаматтар арасында есірткі заттарын тарату жолында қуатты тосқауыл қою туралы нұсқау берілді. Осы орайда біз мақсатымызға жетеміз, – деп атап өтті ІІМ Алматы академиясы бастығының міндетін уақытша атқарушы Жанат Ділбарханова.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру