Ақмола облысында ер адам көршісінің көлігін ұрлап кеткен
Ақмола облысында ер адам көршісінің көлігін ұрлап кеткен, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Степногорск қаласының полиция бөліміне жақын маңдағы ауылдардың бірінің тұрғынынан жеңіл автокөлікті айдап әкету туралы хабарлама келіп түсті. 62 жастағы ауыл тұрғыны 23-ші қазанға қараған түні көлігін жеке үйінің ауласына қойып, таңертең оның жоғалып кеткенін айтты.
Сол күні Степногорск аумағында патрульдік полиция тобының қызметкерлері жолда көлікте қауіпті қозғалған жүргізушіні көрді. Құжаттарды тексеру кезінде жәбірленушіге тиесілі көліктің рөлінде 48 жастағы мас адам отырғаны белгілі болды.
Ұсталғанның сөзінше, түнгі сағат 02:00 шамасында ол көршісінің үйінің ауласында тұрған көлігін кілтімен қалғанын көріп, одан әрі алкогольді алғысы келгендіктен, оны іздеу үшін қалаға барып, рөлге отырғанын түсіндірді.
Осы факті бойынша полиция бөлімі сотқа дейінгі тергеуді бастады.
Бұдан басқа, құқық бұзушыға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабының 6-бөлігі бойынша мас күйінде көлік құралын басқарудың әкімшілік хаттамасы жасалды.
Сот шешімімен ол 20 тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алынды. Автокөліктердің ұрлығын болдырмау үшін полиция департаменті кілтті көлік құралында қалдырмауға кеңес береді.