СҚО-да жыл басынан бері “Қорғау” бағдарламасы арқылы 1975 тәртіп бұзушы анықталды
СҚО-да жыл басынан бері “Қорғау” бағдарламасы арқылы 1975 тәртіп бұзушы анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қазіргі заманғы “интеллектуалды” жүйелер полицейлерге жүргізушілердің жолда өзін қалай ұстайтындығымен күресуге көмектеседі.
Патрульдік полиция батальоны қызметкерлерінің планшеттерімен жабдықталған “Мегакам.Қорғау” бағдарламасы жүргізушілердің жол қозғалысы ережелерін бірнеше рет бұзған және айыппұлдар бойынша қарыздары, шектеулері, жалған мемлекеттік нөмірлері бар көліктерді анықтауға мүмкіндік береді.
Астрахан ауылының маңындағы “Астана – Петропавл” тас жолында Toyota Camry автокөлігін жүргізіп келе жатқан 32 жастағы әйел адам тоқтатылды. Интеллектуалды бейнекамералар оның ЖҚЕ бірнеше рет бұзғандығын тіркеді, бірақ ол келіп түскен хабарламаларды елемеген. Полицейлер жүргізген профилактикалық әңгімеден кейін ол 380 мың теңгеге жуық сомаға жинақталған айыппұлдарды төледі.
Бұндай жағдайлар сирек кездеспейді. Бір апта бұрын Петропавл қаласында полицейлер “Мегакам.Қорғау” бағдарламасының көмегімен 21 жастағы студент басқарып келе жатқан Toyota Camry көлігін тоқтатты. Оның жалған нөмірлері бар көлікті басқарғаны анықталды. Қысқа уақыт ішінде ол жылдамдықты 14 рет арттырған, өзге бұзушылықтарға жол берген, бұл автоматты бейне жазу жүйелерімен тіркелген.
– Жалған нөмірлерді пайдаланғаны үшін сот жас жігітті бір тәулікке әкімшілік қамауға алды, сондай-ақ бір жылға басқару құқығынан айырды, – деп нақтылады СҚО ПД әкімшілік полиция басқармасы бастығының м.a. Ерлан Мәдиев.
Қазіргі заманғы техника құқық бұзушылықтар үшін жазадан жалтару мүмкіндігін азайтады. Полиция жүргізушілерді заңды талаптарды қатаң сақтауға шақырады.
Жыл басынан бері полицейлер “Мегакам.Қорғау” бағдарламасы арқылы СҚО автожолдарында 1975 бұзушыны тоқтатты.