Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Астанада ашық қалған пәтерден ұрлық жасалды

Астанада ашық қалған пәтерден ұрлық жасалды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Полицияға елорда тұрғыны жүгініп, түнде оның пәтеріне белгісіз адамның кіргені туралы хабарлаған. Белгілі болғандай, жәбірленуші ұйықтар алдында ыстықтан пәтерінің есігін ашық қалдырған. Таңертең ол жеке заттары мен телефонының жоғалғанын анықтаған, жалпы шығын 140 мың теңгені құрады.

Сарыарқа ауданы ПБ қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде 22 жастағы қаскүнемді анықтады, ол кешкі уақытта есігі ашық пәтер іздеп, кіреберіске кірген. Іздегенін тапқан қаскүнем пәтерге ақырын кіріп, жәбірленушінің күртесін, қалпағын, аяқ киімін және телефонын алып кеткен. Содан кейін ұрланған телефонды мобильді банк қосымшасы арқылы азық-түлік дүкенінде есеп айырысу үшін пайдаланған.

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды, қаскүнем Астана қаласы ПД уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оның елорда аумағында жасалған басқа да осыған ұқсас қылмысқа қатысы бар-жоғы анықталып жатыр. 

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру