Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

«X Factor Kazakhstan» финалисі СҚО-ның ерлер колониясында өнер көрсетті

«X Factor Kazakhstan» финалисі СҚО-ның ерлер колониясында өнер көрсетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Сотталғандардың бос уақытын, сондай-ақ адамгершілік және моральдық тәрбиені ұйымдастыру мақсатында №48 мекеме әкімшілігі Сәбит Мұқанов атындағы Солтүстік Қазақстан облыстық қазақ музыкалық-драма театрының әртістерін, оның ішінде «X Factor Kazakhstan» тележобасының 9 маусымының финалисі Махамбетәлі Әбілдәны шақыра отырып, концерт ұйымдастырды.

Дарынды солист Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясын бітірген. 2021 жылдың тамыз айынан бастап театрда жұмыс істейді және осы уақыт ішінде «Елім-ай», «Сылан қыз» және «Құлеке» спектакльдерінде өнер көрсетті. Бала кезінде әртістің көру мүмкіндігі нашарлай бастаған, бірақ бұған қарамастан, ол әрқашан позитивті болып, алға қойған мақсаттарына жетуге тырысатынын айтты.
Музыкалық байқаудың барысын бақылаған сотталғандар дарынды әншіні бірден танып, оны дүрбелең қошеметпен қарсы алды.

Шақырылған әртістер түрлі репертуардағы әндерді орындаумен, халық билерімен және дәстүрлі домбыра ойынымен бай концерттік бағдарлама ұйымдастырды. Концерт соңында мекеме әкімшілігі мен сотталғандар театр әртістеріне іс-шараны өткізгені үшін алғыстарын білдірді.

– Бұл мекемеде жазамды 2019 жылдан бері өтеп жатырмын. Бос уақытымызда теледидар көруге мүмкіндігіміз бар. Х-фактордың 9 маусымы эфирге шыққан кезде біз барлық жасақпен жерлесіміз Махамбетәліні қолдадық. Финалға өте алғаны, қазірдің өзінде жеңіс. Ол шынымен де ерекше дауысқа ие және әнші болу арманына жеткен күшті тұлға, – деді сотталғандардың бірі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру