Алматыда ұйымдасқан қылмыспен күресушілер студенттермен кездесті
Алматыда ұйымдасқан қылмыспен күресушілер студенттермен кездесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Алматыда ҰҚҚКБ қызметкерлері КИМЭП студенттері арасында кезекті құқықтық сабақ өткізді.
Мақсат – өскелең ұрпақтың құқықтық сауаттылығын арттыру, жоғары оқу орындары мен колледж студенттері арасында құқық бұзушылықтың алдын алу.
Полицейлер студенттер арасындағы қылмыстың алдын алу, атап айтқанда, бопсалау мен қорлаудың алдын алу әдістерін әзірледі және талқылады.
Сонымен қатар тәртіп сақшылары студенттерге бопсалау, бұзақылық және басқа да заңсыз әрекеттер жасаудың құқықтық салдары туралы түсіндірді.
Естеріңізге сала кетейік, ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері профилактикалық жұмыс аясында бірқатар дәрістер мен құқықтық сабақтар топтамасын өткізді.