Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Астанада қоғамдық тәртіпті бұзған азаматтар жазаланды

Астанада қоғамдық тәртіпті бұзған азаматтар жазаланды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Учаске” жедел алдын алу іс-шарасы барысында полиция инспекторлары қоғамдық тәртіпті бұзған тұрғындарды анықтады. Қосшығұлұлы көшесіндегі үйдің тұрғыны жалпы үй мүлкін бүлдіргені үшін айыппұл төледі.

Түнгі уақытта ер адам лифтке кіріп, бейнекамераны әдейі сындырған. Сарыарқа ауданы ПБ қызметкерлері қоғамдық тәртіпті бұзған 40 жастағы қала тұрғынын анықтады. Сот шешімімен ер адамға 20 АЕК көлемінде айыппұл салынды.

Тағы бір жағдайда Серкебаев көшесі бойында орналасқан үйдің тұрғыны қоқыс салынған пакетті техникалық қабатта тастап кеткен. Ер адамның аталған қоғамдық тәртіпті бірнеше рет бұзғаны анықталды. 

Жалпы пайдаланатын орындарды ластағаны, соның ішінде коммуналдық қалдықтарды белгіленбеген жерлерге тастағаны үшін ер адамға 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынды.

Қоғамдық пайдалану орындарын ластағаны, соның ішінде коммуналдық қалдықтарды белгіленбеген жерге тастағаны үшін ер адамға 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынды.

Полиция қоғамдық тәртіпті бұзу және ортақ мүлікті бүлдіру үшін жауапкершілік көзделетінін ескертеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру