Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы облысында полиция жолдардың қыс мезгіліне дайындығын тексеріп жатыр

Алматы облысында республикалық маңызы бар жолдардың қыс мезгіліне дайындығы тексеріліп жатыр, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы облысы ПД әкімшілік полиция басқармасының жол техникалық инспекциясы бөлімінің мамандары «»ҚазАвтоЖол Ұлттық компаниясы» АҚ өкілдерімен бірлесіп, өңірдегі жолдарға қысқы қызмет көрсетуге жауапты «Қажсервис» ЖШС АОФ кәсіпорнына инспекция жүргізеді.

– Полиция қызметкерлері арнайы техниканың техникалық жай-күйін және оның қыс мезгілінде жұмыс істеу үшін жарақтандырылуын тексеруге басты назар аударды. Тексеру барысында қар тазалағыштардың, грейдерлердің және басқа да арнайы техниканың жағдайы бағаланды, сондай-ақ көктайғақ кезінде жолдарды өңдеу үшін құм мен тұз сияқты инертті материалдардың қоры тексерілді. Бұл әсіресе жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету және аяз бен қар жауған кезде авариялық жағдайлардың алдын алу үшін өте маңызды, – деді Алматы облысы ПД ӘПБ ЖТИ инспекторы Бекназар Мұстафин.

Полиция өкілдерінің айтуынша, мұндай тексеру жыл сайын ықтимал кемшіліктерді уақытында анықтау және қатты суық ауа райы басталғанға дейін жою үшін жүргізіледі. Арнайы техниканың дайындығы және қажетті жабдықтың болуы ауа райының өзгеруіне тез ден қоюға және республиканың негізгі бағыттары бойынша үздіксіз қозғалысты қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Жол инфрақұрылымының жай-күйін бақылау және оның қауіпсіздігін қамтамасыз ету полицияның басым міндеттерінің бірі болып қала береді. Техниканы қысқы маусымға уақытылы дайындау – өңір жолдарында қауіпсіз жүрудің кепілі, бұл әсіресе қыс мезгілінде облыс тұрғындары мен қонақтары үшін маңызды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру