Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Елімізде жыл басынан бері 500-ге жуық құқық бұзушы әуе рейстерінен түсірілді

Елімізде жыл басынан бері 500-ге жуық құқық бұзушы әуе рейстерінен түсірілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Осы жылдың 10 айында көліктегі полиция департаментінің қызметкерлері түрлі әкімшілік құқық бұзушылықтар жасағаны үшін 483 жолаушыны актімен әуерейстерінен түсіріп алды. Оның ішінде алкогольдік ішімдіктерді ішкені және қоғамдық орындарға масаң күйінде келгені үшін – 245, ұшақ бортында темекі шеккені үшін – 179, ұсақ бұзақылық жасағаны үшін – 28 тұлға және басқа да заң бұзушылықтар жасаған азаматтар діттеген жерлеріне жетпеді.

Мәселен, Алматы қаласы әуежайындағы желілік полиция бөлімінің қызметкерлері Шымкент-Алматы бағытындағы әуе рейсінен ұшақ командирінің актісі бойынша деструктивті жолаушыны түсіріп алды. Тексеру барысында көлік полицейлері Шымкент қаласының 28 жастағы тұрғынын анықтады. Ол ұшақ бортында электронды темекі шегіп, спирттік ішімдіктер ішіп, балағат сөздер айтқан болып шықты.

Құқық бұзушы қоғамдық орындарға масаң күйінде келгені үшін, әуе кемесінің бортында темекі өнімдерін тұтынғаны үшін және ұсақ бұзақылық жасағаны үшін 55 АЕК (203 060 теңге) мөлшерінде айыппұл салумен әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Ұсақ бұзақылық бойынша материал шешім қабылдау үшін сотқа жолданды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру