Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО-да полицейлер есепте тұрған жасөспірімдерді тексерді

«Заң мен тәртіп» – қоғамдық қауіпсіздіктің негізгі принципі. Оны іске асыру үшін «Учаске» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында Петропавлда полиция қызметкерлері қаланың әкімшілік учаскелерінде толық көлемді тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Бүгін СҚО полция департаменті бастығының міндетін атқарушы Құрманғали Ысмағұлов облыс орталығының Жұмысшы кентіндегі №5 учаскелік полиция пунктінің аумағында кешенді жұмыс жүргізуге тапсырма берді.

Есепте тұрғандарды қадағалау, сонымен қатар қылмыстың алдын алу желісі бойынша жұмыстар пысықталды. Тексеріс барысында тәртіп сақшылары адамдарға интернет-алаяқтықтан сақтану жайын, тұрмыстық зорлық-зомбылық фактілерін болдырмауды түсіндірді.

Барлық бөліністер, сонымен қатар ювеналдық полицейлер де тартылды. Олар есепте тұрған жасөспірімдерді, қиын жағдайдағы отбасыларын тексерді. Одан бөлек, ЖПІШ барысында барынша түнгі рейдтер жүргізіледі. Басты назарда – ойын клубтары, көңіл-көтеру орындары, жастар арасында танымал басқа да орындар тұр.

Тексеріс барысында 38 жасөспірім анықталды. Оның ішінде пробация қызметінде есепте тұрған 17 жастағы жас жігіт те бар. Былтыр ол сауда ойын-сауық орталықтарының біріне бомба қойылды деп жалған ақпарат таратқаны үшін бас бостандығынан шектелген болатын. Ол түнгі уақытта қаланың орталығында мас күйде ұсталды. Егер ол бұдан әрі де құқық бұзушылық жасайтын болса, оның шартты жазасын нақты жазаға ауыстыру мәселесі қаралатын болады.

– Әр факті бойынша кәмелетке толмаған құқық бұзушылардың ата-аналары әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Олармен профилактикалық әңгімелесу жүргізіледі. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауда айтқан «Заң мен тәртіп» принципін іске асыру аясында, жасөспірімдермен және оларға қатысты жасалатын қылмысқа ықпал ететін жағдайды болдырмау қажет, – дейді СҚО ПД ЖПҚБ бастығы Әлібек Ғабдуллин.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру