Қызылорда облысында полиция ТТО объектілерге тексеру жүргізді
Қызылорда облысында полиция террористік тұрғыдан осал объектілерге тексеру жүргізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қолданыстағы заңнамаға сәйкес полиция өз кезегінде террористік тұрғыдан осал 940 нысанды терроризмге қарсы қорғауды қамтамасыз етуге мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады. Бұл адамдар көп жиналатын, аса маңызды мемлекеттік, стратегиялық, қауіпті-өндірістік объектілер.
Бұлардың көпшілігі білім беру және денсаулық сақтау, мәдениет және спорт сияқты адам көп жиналатын орындар. ТТО объектілерін тексеру кезінде полиция қызметкерлері объектінің техникалық нығайтылуын, сондай-ақ персоналдың террористік сипаттағы қауіп-қатерлерге ден қою жөніндегі білімі мен дағдыларын тексереді.
Жыл басынан бері Қызылорда облысы полиция департаменті 359 нысанды тексеріп, оның 155 объектісі талапқа мүлдем сәйкес келмеуіне байланысты ҚР ӘҚБтК-нің 149-бабы бойынша әкімшілік хаттама ресімдеді. 204 объектіге кемшіліктерді жою туралы нұсқама берді. Қалған 125 объектінің талапқа сай келетіні анықталды.