Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматыда қылмыс деңгейі төмендеді

Алматыда полиция департаменті жыл басынан бері қаладағы қылмыс 10,2% төмендегенін айтты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Атап айтқанда, ауыр және аса ауыр қылмыс, зорлау, тонау, бөтеннің мүлкін ұрлау, көлік ұрлау және интернет-алаяқтық азайды. Сонымен қатар кәмелетке толмағандар мен бұрын сотты болғандар жасайтын қылмыс саны азайғаны байқалады. Қалада қоғамдық орындарда жасалатын құқық бұзушылықтар да азайған.

– Полиция қызметі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев берген тапсырмаларды орындауға, сондай-ақ барлық саладағы қызметті жақсартуға бағытталған. Жалпы алғанда, қаладағы қылмыстық ахуал тұрақты және бақылауда: қылмыстарды ашудың тиімділігі артты. Еліміздің ішкі істер министрлігінің және әкімдіктің қолдауымен біз, қала тұрғындары мен қонақтарының өздерін жайлы әрі қауіпсіз сезінуі үшін барлық шараны қолданып жатырмыз, – деді Алматы қалалық ПД бастығының бірінші орынбасары Қуатбек Науатов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру