Атырауда колледж студенттеріне “Нашақорлық-қоғам дерті” тақырыбында түсіндірме жұмыстары жүргізілді
Атырау облысындағы колледж жатақханасында “Нашақорлық-қоғам дерті” тақырыбында түсіндірме жұмыстары жүргізілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Жасөспірімдерге есірткінің зияны туралы ақпарат беру, құқықтық сауаттылығын арттыру арқылы олардың есірткіге тәуелді болмау жолдарының алдын алуға бағытталған қалалық білім беру ошақтарында түрлі семинар, дәрістер мен дөңгелек үстел шараларын ұйымдастыру дәстүрге айналған.
Атырау облысы полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы “Жаңа уақыт” қоғамдық қоры мен Атырау облыстық психикалық денсаулық орталығының нарколог дәрігері Темір Есенгелдинмен бірге Атырау көлік және коммуникация колледжінің жатақханасында студенттерге нашақорлықтың алдын-алуы бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Кездесу барысында жастардың есірткінің зияны және “жеңіл ақша” жалған ұранының астында есірткімен байланысты қылмыстық құқық бұзушылықтан сақ болу үшін ақпараттар берілді. Сондай-ақ, студенттер арасында нашақорлыққа қатысты сұрақтары бар викторина ұйымдастырылып, белсенді қатысушыларға баскетбол, волейбол ойынына арналған доптар сыйлыққа тарту етілді.