Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Оқушылар қауіпсіздігі – басты назарда

Ұлытау облысы ПД жедел криминалистикалық басқармасы бастығы Б.Қалыбеков оқушылармен кездесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Мемлекет басшысы жыл басында ІІМ алқа отырысында  мемлекеттік органдар есірткіге қарсы жұмысты күшейту керектігі туралы тапсырма берген болатын. Осыған орай Қазақстан полициясы  есірткіге тәуелділіктің  қауіптілігі туралы жастар арасында үздіксіз алдын алу шараларын жүргізіп жатыр.

Осы орайда Ұлытау облысы ПД жедел криминалистикалық басқармасы бастығы Б.Қалыбеков өзіне бекітілген Жезқазған қаласы №22 орта мектептің жоғарғы сынып оқушыларымен кездесу өткізді.

Жиын барысында есірткі таратқаны үшін заңмен қатаң түрде жазалатыны туралы түсіндіріп айтты. Сондай-ақ “Закладка” атты деректі фильмі көрсетілді. Фильмде есірткі саудасымен айналысқан адамдар өз оқиғаларын баяндаған.

Кездесу соңында оқушылар көкейінде жүрген сұрақтарын қойып, толық жауап алды. Сондай-ақ осындай кездесулердің қаншалықты маңызды екенін атап өтті.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру