Алматы және Жетісу облыстары бойынша ҚАЖД-ға қарасты мекемелерде тінту іс-шаралары өткізілді
“Экстремист” жедел-алдын алу іс-шарасы аясында Алматы және Жетісу облыстары бойынша қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде тінту іс-шаралары өткізілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Тінту іс-шараларына ҚАЖ департаментінің, ведомстволық бағынысты мекемелердің қызметкерлері және экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының өкілдері қатысты.
Өткізілген іс-шаралардың нәтижесінде сараптамаға жіберілген кітаптар алынды.
Естеріңізге сала кетейік, Алматы облысы бойынша ҚАЖД-ға қарасты мекемелерінде сотталған адамдар арасында теологиялық жұмыс белсенді жүргізілуде.