Алматыда пәтерді жалға алушылар жауапқа тартылды
Алматыда пәтерді жалға алушылар жауапқа тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Полицияға Бостандық ауданының тұрғыны хабарласып, жоғары қабаттағы пәтер жалдаушылардың үстінен шағымданған.
Ер адамның айтуынша, көршілер қарапайым санитарлық нормалар мен тәртіпті сақтамайды. Кейде олардың самалдығынан темекі тұқылдары ғана емес, тұрмыстық қоқыс та ұшып кетеді.
– Мен учаскелік инспекторымыз Елдар Малғажыға көмек сұрап жүгіндім. Ол біздің мәселеге ерекше көңіл бөлді. Полицейлер құқық бұзушыларға тез арада шара қолданды. Қазір бізде қауіпсіз және тыныш. Алғысымызды білдіреміз, – деді Алматы тұрғыны.
Бостандық аудандық полиция басқармасы хабарлағандай, пәтер жалдаушылар жауапкершілікке тартылып, көршілерінің тыныштығын бұзбауға уәде берді.