Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордада мұнай-газ және уран өндіруші объектілердің қауіпсіздігі талқыланды

Қызылордада мұнай-газ және уран өндіруші объектілерде терроризмге қарсы қорғалуын нығайту бойынша жиын өткізілді, –   деп хабарлайды Polisia.kz.

Қызылорда облысы аумағында мұнай-газ және уран өндіруші объектілердің терроризмге қарсы қорғалу талаптарын, сондай-ақ ондағы күзет қызметін атқаратын жеке күзет ұйымдарына қауіпсіздік шараларының нығайтылуын түсіндіру мақсатында Қызылорда облысының жұмылдыру дайындығы басқармасы, ҚР ҰҚК-нің Қызылорда облысы және Байқоңыр қаласы бойынша депарменті және Қызылорда облысы полиция департаментінің экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасы мен күзет қызметін бақылау бөлімінің қызметкерлері, жеке күзет ұйымдарының өкілдері, сондай-ақ мұнай-газ және уран өндіруші объекті басшыларының қатысуымен жұмыс кездесу өткізілді.

Кездесу барысында мұнай-газ және уран өндіруші объектілердің терроризмге қарсы қорғалу талаптарына, ондағы күзет қызметін атқаратын жеке күзет ұйымдарына қауіпсіздік шараларын нығайту жайлы және террористік қауіп-қатер төнген жағдайда әрекет ету шарттары түсіндіріліп, бірқатар тиімді шешімдер қабылданды. Сондай-ақ терроризм қауіп-қатердің алдын алуға бағытталған ақпараттық-түсіндірмелік бейнеролик көрсетілді.

Кездесу соңында күзетілетін нысандарда төтенше жағдайдың тіркелуі, қоғамдық резонанс тудыруы мүмкін оқиғалар туралы, сондай-ақ дағдарыстық және төтенше жағдайлардың туындау қатері туралы дер кезінде жергілікті ІІО-ға дереу хабардар етуді және ҚР ҰҚК терроризмге қарсы орталығымен әзірленген «Террроризм актісін жасау қауіп-қатері не болмаса жасалған кезде күзет қызметі субъектілерінің алғашқы ден қою алгоритмі» нұсқаулығын күзет ұйымдарының қызметкерлеріне таныстырып, қызмет бабында пайдалануды ұсынды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру