Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысында кибералаяққа алданған ана тұрғындарға үндеу жасады

Түркістан облысында кибералаяққа алданған ана тұрғындарға үндеу жасады, –   деп хабарлайды Polisia.kz.

Түркістан облысының полицейлері интернет алаяқтық қылмыстарына тосқауыл қою бағытында профилактиканы күшейтіп, 20 мың жадынама мен 6 мың жабыстырмалы ақпараттық ескертпе қағаздарын әзірлеп, халыққа таратты. Сондай-ақ полиция қызметкерлері кибералаяққа алданған тұрғынмен де тілдесті.

Осы жылдың жаз айында Арыс ауданының тұрғыны Айсұлу әлеуметтік желі арқылы жиһазға тапсырыс берген. Осылайша алаяққа алданған ана тұрғындарға үндеу жасады.

– Тапсырысымды алмай жатып, ақша аудардым. Алайда арада бірнеше ай өтсе де, жиһазым келмеді. Ақшам да жоқ. Содан қараша айында полицияға арыздандым. 10 шақты күннің ішінде мені алдаған алаяқ ұсталды. Түркістан облысының полицейлеріне, оның ішінде киберпол тобының қызметкерлеріне алғысымды білдіремін! Ал тұрғындарды ондай арзан дүниелерге қызықпауға шақырамын. Интернетте алаяқтар көп екенін айтқым келеді. Мен сияқты алданып қалмаңыздар, – деді әйел.

Полиция тұрғындарды әрбір шалынған қоңырауларға мұқият болуға және күдік келтіретін хабарлама мен жарнамаларға, ұсыныстарға сенбеуге шақырады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру