Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Елордада «Учаске» жедел-профилактикалық іс-шарасы жалғасып жатыр

Қызмет көрсетілетін әкімшілік учаскелерде құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу бойынша шараларды күшейту, соның ішінде елорда аумағында азаматтармен тығыз сенімді қарым-қатынас орнату мақсатында «Учаске» ЖПІШ жүргізіліп жатыр, –   деп хабарлайды Polisia.kz.

Жедел-профилактикалық іс-шара аясында елордада ҚР ӘҚБтК-нің 437-бабына сәйкес 3400-ден астам тұлға түнгі уақытта тыныштықты бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Соның ішінде басым көпшілік әкімшілік хаттама ойын-сауық мекемелеріне толтырылады.

Мәселен, ірі лаундж бардың бірінде түнгі уақытта музыканың даусы қатты шығып, үлкен тұрғын үй кешенінің тұрғындарына ұйқы бермей, тыныштықтарын бұзған. Үйдің тұрғыны «102» каналына хабарласып, шағымын айтқан, кейін полиция қызметкерлері келіп, ойын-сауық мекемесінің иесіне айыппұл салды. Тағы бір жағдай, елорданың ТҮ-нің тұрғыны «102» арнасына хабарласып, белгілі бір пәтердің үйінде адамдар шулап жатқаны жөнінде хабарлаған. Патрульдік полиция мекенжайға барып, үй иесіне хаттама толтырып, профилактикалық әңгіме жүргізген. Кейін арызданушы полицияға хабарласып, алғысын білдірген.

Астана қаласының полиция департаменті түнгі тыныштықты бұзу – жеке тұлғалардың қалыпты демалысы мен тыныштығына кедергі келтіретін түнгі уакыттағы тыныштықты бұзу әкімшілік құқық бұзушылық болып табылатынын ескертеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру