СҚО ІІО ардагерлері футболдан республикалық турнирде жүлделі орынға ие болды
СҚО ІІО ардагерлері футболдан республикалық турнирде жүлделі орынға ие болды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінің бастығы Айдын Қабдұлдинов футболдан республикалық турнирде үшінші орын алған ішкі істер органдарының ардагерлерін марапаттады. Жарыс қараша айының басында Тараз қаласында «Халық қаһарманы» Ғазиз Байтасовты және қызметтік борышын өтеу кезінде қаза тапқан басқа да полиция қызметкерлерін еске алуға арналды.
Үшінші командалық орын үшін кубок пен диплом Солтүстік Қазақстан облысы полициясының спорттық даңқын нығайтуға үлес қосты. Салтанатты іс-шара барысында Қабдұлдинов солтүстікқазақстандық ішкі істер органдарының ардагерлерінен құралған футбол командасының мүшелері Қанат Жолдасбаев пен Имамбай Жомартовты марапаттап, ойын кезінде жақсы өнер көрсеткендері үшін алғысын білдірді.
Жарыс жүлдегерлері салауатты өмір салтын насихаттауға және командалық рухты дамытуға ықпал ететін спорттық іс-шаралар бұрыннан бері тәртіп сақшыларының игі дәстүріне айналғанын атап өтуде. Бұл – қызметтік борышына адалдықтың жоғары үлгісін көрсеткен қазақстандық полиция батырларын еске алу мен құрметтеу.
Бұл күні СҚО ПД басшылығы полиция подполковнигі Еркін Махметовты құрметті зейнетке шығуымен құттықтады. Махметов полицияда 20 жылдан астам қызмет атқарған. Еңбек жолын Уәлиханов ауданы ішкі істер бөлімі учаскелік инспектордың көмекшісі лауазымынан бастаған, тергеу жөніндегі ОІБ бастығының орынбасары болып жұмыс істеген. 2019 жылдың қарашасынан бастап Ақжар ауданы полиция бөлімін басқарды. Айдын Қабдулдинов офицердің тәжірибесі азаматтық өмірде жоғары бағаланатынына сенім білдіріп, зейнеткерге зор денсаулық, амандық және барлық бастамаларына табыс тіледі.