Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордада еріктілер мен полиция заң мен тәртіп жолындағы ынтымақтастықты жалғастырады

Қызылорда облысында Полиция департаменті құқықтық тәртіпті нығайтуда белсенді азаматтық ұстаным танытып, қоғам игілігі жолында қызмет етіп жүрген еріктілерді марапаттады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Мемлекет басшысы Жолдауында құқық қорғау органдарының «Заң және тәртіп» қағидатын орнықтырудағы рөлін ерекше атап, қоғамдық тәртіпті сақтау мен қылмыспен күрес мәселелеріне баса назар аударуды тапсырды. Бұл – әділетті Қазақстан құрудың негізі. Осы міндетті жүзеге асыруда Қызылорда облысының Полиция департаменті жүйелі жұмыстар жүргізіп келеді.

5 желтоқсан – Халықаралық еріктілер күніне орай, департамент бастығының орынбасары Оралбек Омаров өңірдегі қоғамдық тәртіпті сақтауға айрықша үлес қосқан еріктілерді марапаттады. Марапатталғандар қатарында «Қызылорда еріктілері» қоғамдық қорының төрайымы Ольга Чебакова, «Жастардың спорттық туризм және туристік көпсайыс федерациясы» бірлестігінің төрағасы Бахытбек Досмаилов және еріктілер тобының белсенді мүшелері бар.

– Бүгінгі мерекеде баршаңызға алғыс білдіремін. Жыл басынан бері қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында еріктілермен тығыз жұмыс істелді. Сіздердің қайырымдылық пен жауапкершілікке толы еңбектеріңіз Мемлекет басшысы атап өткен «Адал азамат» тұжырымдамасының негізін құрайды. Әрқайсыларыңыз қоғамның игілігі үшін аянбай еңбек етіп келесіздер. Алдағы уақытта да бірлескен жұмысымыз жалғасады деп сенемін, – деді Оралбек Омаров.

Еріктілер мен полицияның осындай ынтымақтастығы – қоғам тыныштығын қамтамасыз етудің айқын үлгісі. Бұл бағыттағы жұмыстар одан әрі жалғасады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру