Қазақстандық полицей джиу-джитсудан әлем чемпионатында алтын алды
Қазақстандық полицей джиу-джитсудан әлем чемпионатында жүлдемен оралды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
27 қараша және 2 желтоқсан аралығында Польша Республикасы Миколув қаласында СOMBAT JU-JITsu бойынша әлем чемпионаты өтті. Халықаралық жарысқа 32 елден 860 спортшы қатысып, өзара шеберлік көрсетті.
Әлемнің түкпір-түкпірінен келген спортшылар арасында бәсекелестік жоғары болды. Қазақстан атынан сынға түскендердің қатарында Шымкент қаласы ПД Оқу-жаттығу взводының инспекторы Маханбет Нұржан да болды.
Жауапкершілік пен табандылықты талап ететін қызметімен қатар, спортта да табысқа жеткен спортшымыз үздік екенін дәлелдеп, жүлделі 1-орынға ие болды. Байрақты бәсекенің финалында басқа елдің спортшысын жеңіп қарсылас шақ келтірмеді. Бұл жеңіс – Маханбет Нұржанның спорттық мансабындағы үлкен жетістіктерінің бірі ғана емес, сонымен қатар Қазақстанның джиу-джитсу спортының беделін халықаралық деңгейде көтеруге қосқан маңызды үлесі.