Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Астанада полиция қызметкерлері тұрғынның алғысына бөленді

Астанада полиция қызметкерлері тұрғынның алғысына бөленді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Елордалық сақшылардың кәсіби қызметіне алғыс білдіретіндер тек қала тұрғындары ғана емес, іргелес облыстардан келген қонақтар да жиі ризашылығын жеткізеді. Бұл жолы полиция қызметкерлеріне ризашылығын «102» каналы арқылы Қарағанды облысының тұрғыны білдірді.

Оқиға елордаға жеке көлігімен келе жатқан азаматтың денсаулығы нашарлап, тасжолда өзін жайсыз сезінуінен басталған. Қиын жағдайға тап болған азаматқа облыстық патрульдік полиция қызметкерлері көмекке барды. Олар оны жақын маңдағы полиция бекетіне жеткізіп, алғашқы көмек көрсетіп, жедел жәрдем шақырды.

Жедел жәрдем келгенше полиция қызметкерлері азаматтың жағдайын жіті бақылап, оған қолдау көрсеткен. Кейін азамат ауруханаға жеткізілді. Сауығып шыққан соң, ол «102» арнасына хабарласып, полицейлерге шынайы алғысын білдірді.

Қазіргі уақытта азаматтың денсаулығы жақсы, ол үйінде ем алып жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру