Астанада «Пиротехника» жедел алдын алу іс-шарасы жалғасуда
Астанада «Пиротехника» жедел алдын алу іс-шарасы жалғасуда, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Астана қаласының полиция департаменті сертификатталмаған пиротехникалық өнімдерді айналымнан шығару мақсатында қала аумағында «Пиротехника» жедел-алдын алу іс-шарасын жүргізіп жатыр.
Елордалық тәртіп сақшылары пиротехникалық өнімдерді заңсыз сататын нүктелерді тексеруде. Тексеру нәтижесінде қаланың бір дүкенінен 4 бірлік пиротехникалық бұйым тәркіленді. Сонымен қатар, тағы бір дүкеннен тиісті құжаттарсыз сатылған 17 дана пиротехникалық өнім табылып, тәркіленді. Сатушыларға ҚР ӘҚБтК-нің 196-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, айыппұл салынды.
Бұл шара пиротехникалық өнімдерді, сондай-ақ сертификатталмаған пиротехникалық бұйымдарды заңсыз сату фактілерін анықтап, алдын алу мақсатында жүргізілуде.
Полиция өкілдері пиротехникалық бұйымдарды контейнерлерден тыс сақтау, рұқсат қағазы мен лицензиясы жоқ тұлғалардың ашық павильондарда, автокөліктерде, палаткаларда, қолданыстағы немесе жерасты жолдарында сатуға қатаң тыйым салынатынын ескертеді.