Жетісу облысында полицей көлігі бұзылып қалған жүргізушіге көмектесті
Полиция қызметкері Алматы – Өскемен тасжолында жүргізушіге көмектесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Көксу ауданы ПБ учаскелік полиция инспекторы Жанат Ноғайбай кезекті патруль кезінде азаматтарға көмек көрсету полиция қызметкерлерінің басты міндеттерінің бірі екенін іс жүзінде тағы да дәлелдеді.
Республикалық маңызы бар Алматы – Өскемен автожолында жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында патруль жүргізу барысында ол жол жиегінде тоқтап тұрған Нива автокөлігін байқаған. Содан тәртіп сақшысы жүргізушіге көмек керек екенін анықтаған. Оның көлігі істен шыққан болып шықты. Инспектор мән-жайды білген соң азаматты қиын жағдайда қалдырмай, автокөлікті жақын маңдағы Балпық би ауылына дейін жеткізіп берген.
Жүргізуші тәртіп сақшысын көрсеткен көмегі үшін алғыс білдіріп, полиция қызметкерлерінің қажырлы еңбегін ерекше атап өтті.