Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ
Логотип

СҚО-да полицейлер этномәдени орталықтарды бірлесіп жұмыс істеуге шақырды

Қазақстан халқы Ассамблеясының Солтүстік Қазақстан облыстық филиалында СҚО полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Құрманғали Ысмағұлов этномәдени бірлестіктердің басшыларымен кездесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Әңгіме барысында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев белгілеген полиция жұмысының негізгі бағыттары – интернет-алаяқтықпен, нашақорлықпен күрес, жастарды қылмыстық схемаларға тарту, балалар мен жасөспірімдердің қауіпсіздігін нығайту талқыланды.

СҚО полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Ысмағұлов қазіргі қазақстандық полицияның жұмысы қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алуға, қоғамдық қауіпсіздікке қауіп төндіретін жағдайларды жоюға бағытталғанын атап өтті.

Құрманғали Ысмағұлов ҚХА өкілдерін түсіндіру жұмыстарына қатысуға, халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруға бірлесіп күш салуға шақырды. Профилактикалық жұмыстарды жүргізуде этномәдени бірлестіктердің атқаратын жұмысы полицейлер үшін үлкен көмек болмақ.

Кездесуге қатысушылар өзекті ақпаратпен алмасып отыруға келісті, сондай-ақ қоғамдық және жол қауіпсіздігінің бірқатар мәселелерін, соның ішінде жол белгілерін орнату, жол таңбаларын салу қажеттілігін талқылады. Құрманғали Ысмағұлов бірқатар мәселелер бойынша тиісті қызметтерге тапсырма берді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру