Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ
Логотип

ШҚО ПД қызметкерлері «Өнегелі отбасы» байқауында жүлдегер атанды

ШҚО ПД қызметкерлері «Өнегелі отбасы» байқауында жүлдегер атанды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ішкі істер органдарының қызметкерлері қоғам қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі кәсіби шеберлігімен қатар, отбасылық құндылықтарды дәріптеуде де айрықша үлгі көрсетіп келеді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты Жолдауындағы басымдықтарды кеңінен насихаттау мақсатында «Жаңа Қазақстан» республикалық инновациялық орталығы ұйымдастырған «Өнегелі отбасы» байқауында ШҚО полиция департаменті қызметкерлері жүлделі орыннан көрінді.

Өскемен қаласы ПБ жедел басқару орталығының бастығы Дастан Нұрмұханбетов пен жұбайы ШҚО ПД тәрбие және кадр жұмысы басқармасының аға инспекторы Ақбота Нұрмұханбетова, сондай-ақ Зайсан ауданы ПБ кезекші бөлімшесінің бастығы Алмат Қайратов пен жұбайы Зайсан ауданы ПБ жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің инспекторы Айжан Набиева отбасыларымен бірге бұл байқауда жоғары нәтижеге қол жеткізді.

Бұл байқау қызметкерлердің отбасылық бірлігін нығайтып, жас ұрпаққа өнегелі тәрбие беру және қоғамда отбасы құндылықтарын кеңінен насихаттау мақсатында ұйымдастырылған. Байқау барысында тәртіп сақшылары өздерінің шығармашылық қабілеттерін, интеллектуалдық деңгейін және ұйымшылдығын көрсете білді. Олардың бұл жетістігі қызмет бабындағы абыройын арттырып қана қоймай, отбасылық өмірде де үлгі бола алатын тұлғалар екендігін дәлелдеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру