Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ
Логотип

Астанада «Пиротехника» жедел алдын алу іс-шарасы жалғасуда

Астанада «Пиротехника» жедел алдын алу іс-шарасы жалғасуда, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Елордада полиция департаменті қала аумағында заңсыз пиротехникалық өнімдердің сатылуына жол бермеу, сондай-ақ сертификатталмаған бұйымдарды анықтау мақсатында жыл сайынғы «Пиротехника» жедел алдын алу шарасын жүргізуде. Іс-шара барысында полиция қызметкерлері тұрғындармен профилактикалық әңгімелесулер өткізіп, өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау қажеттігін еске салуда. Әсіресе кәмелетке толмаған балалармен жұмысқа ерекше назар аударылған.

Қаланың барлық мектептері мен мектепке дейінгі мекемелерінде арнайы сынып сағаттары мен сабақтар ұйымдастырылып, балаларға пиротехникалық бұйымдарды дұрыс әрі қауіпсіз қолдану ережелері түсіндірілді. Балалардың қауіпсіздігіне бағытталған бұл шаралар олардың өмірі мен денсаулығын сақтауда маңызды рөл атқарады.

Сонымен қатар полицейлер заңсыз сауда нүктелеріне тексеру жұмыстарын жүргізіп, нәтижесінде қала дүкендерінен 144 дана және 53 қорап «Микки Маус» пиротехникалық өнімдері тәркіленді. Сондай-ақ интернет-дүкен арқылы құжатсыз пиротехникалық бұйымдарды тасымалдаған азамат анықталып, одан 12 дана өнім тәркіленді. Барлық тәркіленген заттарға қатысты сатушыларға ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 196-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, тиісті айыппұлдар салынды.

Астана қаласының полиция департаменті тұрғындарды мереке қарсаңында сақтық шараларын қатаң сақтауға шақырады. Әсіресе балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін лицензияланған пиротехникалық өнімдерді ғана қолдануды және оларды бақылаусыз пайдалануға жол бермеуді ескертеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру