Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ
Логотип

СҚО-да полицейлер студент қыздарға өзін-өзі қорғау әдістерін үйретті

СҚО-да полицейлер студент қыздарға өзін-өзі қорғау әдістерін үйретті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық бүгінгі таңда өзекті проблемаға айналып отыр. Бұл ретте полицейлер халықты хабардар етіп, құқықтық сауаттылығын арттыру қажет деп санайды.

Петропавлдағы Оқушылар сарайында полиция қызметкерлерінің ұйымдастыруымен «Ана үйі» қоғамдық қорының, «Тұлға» орталығының, «Айбын» өзін-өзі қорғау орталығының өкілдері, сондай-ақ СҚО полиция департаментінің жылдам қимылдайтын арнайы жасағының жауынгерлері Солтүстік Қазақстан университетінде, қаладағы колледждерде білім алып жүрген қыздармен кездесті.

Аудитория тұрмыстық зорлық-зомбылық түрлерімен таныстырылды, қысымнан зардап шеккендерге көрсетілетін көмек және психологиялық қорғау әдістері туралы айтылды. Арнайы жасақ офицерлері қыздарды өзін-өзі қорғау негіздерімен таныстырды. Үйренуге ниет білдіргендер сахнаға көтеріліп, жауынгерлермен бірге әдістерді пысықтады. Тәртіп сақшылары қыздарға қаскөйлердің қатты қысып ұстауынан құтылуды көрсетіп, мүмкіндігінше қауіпсіз жерге жүгіріп жетуге және полиция келгенге дейін уақыт ұтуға мүмкіндік беретін қарапайым әдістерді үйретті.

Сондай-ақ түсіндіру жұмыстарына, тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимылға үлес қосып жүрген қоғам белсенділері марапатталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру