Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ
Логотип

Полицейлер мас күйінде екі рет көлік айдап әкеткен ақмолалықты қолға түсірді

Полицейлер мас күйінде екі рет көлік айдап әкеткен ақмолалықты қолға түсірді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Осы жылдың 12 желтоқсанында Степногорск қаласының полиция басқармасына Chevrolet Cobalt автокөлігінің ұрланғаны туралы өтініш келіп түсті. Автокөлік иесінің айтуынша, ол балаларды алып кету үшін көлікті үйдің жанына қысқа уақытқа қалдырған, сол кезде белгісіз адам көлік құралын ұрлап кеткен.

Бір-екі сағаттан кейін полицияға ұрлық туралы тағы бір мәлімдеме келді. Бұл жолы күдікті Hyundai Sonata көлігін иемденген.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері күдіктінің жеке басын анықтады. Ол мас күйде болған 31 жастағы жергілікті тұрғын болып шықты. Ұрланған көлікті басқару кезінде ол жол-көлік оқиғасын жасады.
Ер адам өзінің кінәсін мойындап, өкінді. Ұрлау мақсатынсыз көлік құралдарын заңсыз иемдену фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Болған оқиғаның барлық жағдайлары анықталып жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру