Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ШҚО-да ПД бастығы балаларды Аяз ата бейнесінде құттықтады

Шығыс Қазақстан облысының бас полицейі балаларды Аяз ата бейнесінде құттықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шығыс Қазақстан облысы полиция департаментінің бастығы Ерлан Омарбеков жаңа жыл қарсаңында балаларға ұмытылмас тосын сый жасап, жүректерге жылулық сыйлады. Ол Аяз ата бейнесіне еніп, қызмет бабында қаза тапқан және қызметтік міндеттерін орындау барысында жарақат алған тәртіп сақшыларының отбасыларына барып, олардың балаларына шынайы құттықтауын жеткізді.

Ерекше көңіл-күй сыйлау үшін полицей әр балаға арнайы барып, ізгі тілектерін білдіріп, сыйлықтар табыстады. Оның бұл қамқорлығын балалар зор қуанышпен қарсы алды, ал үйлер мерекелік шаттыққа толды.

Әр кездесу жылылық пен шынайы ықыласқа толы болды. Ерлан Омарбеков батырлықпен қызмет еткен тәртіп сақшыларының жақындарына қолдау білдіріп, олардың жасаған ерліктері ел жадында мәңгі сақталатынын ерекше атап өтті.

– Әрбір бала мен отбасы жылулық пен қамқорлықты сезінуге лайық. Сіздердің жақындарыңыз бейбітшілік пен қоғам тыныштығы үшін үлкен ерлік жасап, өмірлерін арнады. Біз сіздермен әрдайым біргеміз, өйткені сіздер біздің үлкен полицейлік отбасының ажырамас бөлігісіздер, – деп атап өтті Ерлан Омарбеков.

Бұл ізгі шара тек балаларға қуаныш сыйлап қана қоймай, әр шеннің артында адамның тағдыры тұрғанын және Отанға адал қызмет ету тек кәсіби міндет емес, одан да жоғары қасиетті ұғым екенін еске салды.

Мерекелік кездесу – батырларды еске алу мен олардың жақындарына қамқорлық көрсетудің жарқын үлгісіне айналды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру