Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Астанада тұрғынды 20 млн теңгеге сан соқтырған күдікті ұсталды

Астанада тұрғынды 20 млн теңгеге сан соқтырған күдікті ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алаяқтық бойынша қала тұрғыны полицияға арыз жазып, 49 жастағы Түркия елінің азаматына алданғанын айтты. Байқоңыр аудандық криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру шарасы аясында күдіктіні анықтады.

Күдіктінің жәбірленушімен бір отырыста кездесіп, танысып, жөн-сұрасқаннан соң, бірге бизнес ашпақшы болғаны мәлім болды. Күдікті Түркиядан тауар әкелем деп алдау арқылы жергілікті тұрғыннан 20 млн теңге ақша ұрлап, кейін ізін суытты. Жәбірленуші ақшаны оған қолма қол берген. Алаяқ тағы 3 адамды дәл осылай алдаған. 

Аталмыш дерек бойынша қылмыстық іс тіркеліп, қылмысқа қатысы бар адам өз кінәсін мойындады. Күдікті қазіргі таңда абақтыда отыр.  

Алаяқтың ашылмаған ұқсас сипаттағы қылмыстарға қатыстылығы тексеріліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру