Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жетісу облысында өткен жылы ІІО-ға 150-ден астам қызметкер қабылданды

Жетісу облысында өткен жылы ІІО-ға 150-ден астам қызметкер қабылданды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Кадр қызметі ішкі істер органдары қызметкерлерінің кәсібилігі мен құзыреттілігін қамтамасыз етудегі маңызды міндеттерді орындауды жалғастыруда. 2024 жылғы жұмыс қорытындылары кадр қызметкерлерінің ұйымдастыру деңгейінің, жауапкершілігінің және тиімділігінің жоғары деңгейде екенін көрсетті.

Кадр қызметінің негізгі бағыттарының бірі – қызметкерлерді лауазымдарға дұрыс тағайындауды қамтамасыз ету болды. Бұл қызметтік мінездемелерді, кәсіби деңгейін зерттеу және қызметке қойылатын талаптарға сәйкес білімін тексеру арқылы жүзеге асырылды. 2024 жылы ішкі істер органдарына 159 жаңа қызметкер қабылданды. 

Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі Ержан Саденовтың бұйрығына сәйкес, 2024 жыл кадрлар сапасын арттыру жылы деп жарияланды. «Жаңа ұрпақтарды тәрбиелеу – ұлттың табысты болашағының негізі», – деп атап өтті министр. Қазақстан полициясының қазіргі даму кезеңінде ардагерлердің рөлі, кеңестері мен тәжірибесі ерекше маңызға ие, олар құқық қорғау жүйесін жетілдіруге өлшеусіз үлес қосуда.

Мемлекет басшысының нұсқауына сәйкес барлық басшылық құрам аттестациялаудан сәтті өтіп, басқару жүйесін нығайтып, басшылыққа деген сенімді арттырды.

Болашақ кадрларды тәрбиелеуге ерекше көңіл бөлінуде. 2024 жылы Талдықорған қаласының екі мектебінде төрт «Жас сақшы» полиция сыныптары ашылды. Бұл сыныптардың кейбір түлектері кәсіби мансапта алғашқы қадамдарын жасап, ІІМ академияларына түсті.

Кадр қызметі идеологиялық жұмыстар мен ішкі істер органдарының имиджін көтерумен белсенді айналысуда. Өткен жылы 24 кеңес, 7 офицерлік жиналыс, тәлімгерлер кеңесінің 2 отырысы және консультативтік кеңестің 2 отырысы өткізілді.

Қызметкерлер мен олардың отбасыларын қолдауға ерекше мән беріледі. «Өнегелі отбасы» байқауында облыстың үш қызметкері жеңімпаз атанды, ал Талдықорған қаласының жедел уәкілі «Жаңа Қазақстанның жыл адамы» байқауында бас жүлдеге ие болды.

Қызметкерлердің ерлігі мен жетістіктерін атап өтуде. 2024 жылы 8 қызметкер ерлігі үшін мемлекет басшысы мен Ішкі істер министрінің марапаттарына ие болды. Бұл – еңбегі сіңген қызметкерлерге деген құрметтің айғағы.

Кадр қызметі тұрақты бақылауды, жауапкершілікті және кәсібилікті талап етеді. Қиындықтарға қарамастан, қол жеткізілген нәтижелер кадр қызметкерлерінің тек тапсырмаларды орындап қана қоймай, ішкі істер органдарының дамуына, олардың беделін арттыруға және қызметкерлерді қолдауға елеулі үлес қосып жатқанын көрсетеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру