Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Есептегі азаматтарға көмектесу: Қызылорда облысында үшжақты меморандумға қол қойылды

Қармақшы аудандық Жастар ресурстық орталығы, пробация қызметі және “QADAM QARMAQSHY” қоғамдық бірлестігі арасында үшжақты меморандумға қол қойылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Бұл келісім жастарды қолдау, әлеуметтік мәселелерді шешу және пробация қызметіндегі азаматтарды қоғамға бейімдеуге бағытталған.

Меморандумның басты мақсаты – үш ұйымның бірлескен күшімен жастар мен пробация есебінде тұрған азаматтарға нақты көмек көрсету. Әсіресе, қиын жағдайда қалған жастар мен шалыс басқан азаматтардың жаңа өмір бастауына жәрдемдесу, олардың қоғамға бейімделуіне ықпал ету.

Шара барысында ұйым өкілдері алдағы жоспарларымен бөлісіп, қоғамдағы өзекті мәселелерді шешу жолдары туралы пікір алмасты.

– Біздің басты міндетіміз – пробация есебіндегі азаматтарға қолдау көрсету, әлеуметтік, құқықтық көмек көрсете отырып, қайта құқық бұзушылықтардың алдын алу. Бірлескен жұмыстар арқылы жастардың білім алып, жұмыс табуына, ал пробация қызметіндегі азаматтардың жаңа өмірге қадам басуына мүмкіндіктер жасалмақ, — деді Қармақшы аудандық пробация қызметінің аға инспекторы Жақсыбек Жүнісов.

Жүнісовтің сөзінше, алдағы уақытта меморандум аясында әлеуметтік жобалар мен түрлі шараларға пробация есебіндегі жастарды қатыстыру жоспарда бар.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру