Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД қызметкерлері студенттерге кәсіби бағдар беру жұмыстарын жүргізуде

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД қызметкерлері студенттерге кәсіби бағдар беру жұмыстарын жүргізуде, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №68 мекеменің тәрбие және кадр жұмысы тобының аға инспекторы Динара Шахи Ақмешіт колледжінің студенттерімен кездесу өткізді.

Кездесудің басты мақсаты – колледж түлектерін кәсіби тұрғыда бағыттап, ҚАЖ саласында қызметке орналасу мүмкіндіктері туралы ақпарат беру. Әділет капитаны студенттерге қылмыстық-атқару жүйесі қызметіне қабылдау тәртібі, талаптары және заңнамада көрсетілген жеңілдіктер туралы егжей-тегжейлі баяндады.

Динара Шахи ҚАЖ қызметінің ерекшеліктеріне тоқталып, күнделікті жұмыс барысы, қызметкерлердің міндеттері мен тәртіп талаптары туралы толық мәлімет берді. Студенттер бұл саланың қыр-сырына қызығушылық танытып, өздерін толғандырған сұрақтарын қойды. Барлық сұрақтарға аға инспектор нақты әрі жан-жақты жауап беріп, студенттердің қызығушылығын одан әрі арттыра түсті.

Кездесу жылы атмосферада өтіп, студенттер үшін пайдалы ақпарат көзіне айналды. Алдағы уақытта ҚАЖ департаменті осындай кәсіби бағдар беру жұмыстарын өзге де оқу орындарында ұйымдастыруды жоспарлап отыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру