Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкентте өткен жылы заңсыз айналымнан 157 келіден астам есірткі алынды

«Заң мен тәртіп» қағидаты аясында Шымкент қаласы полиция департаменті қала аумағында есірткімен байланысты құқық бұзушылықтарды анықтау және олардың жолын кесу бағытында кешенді шаралар қабылдап жатыр, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қабылданған шаралар нәтижесінде, өткен жылы полицейлер есірткінің заңсыз айналымына байланысты 541 қылмыстық құқық бұзушылықты анықтап, сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Тіркелгендердің 65-і есірткі заттарын өткізу, 13-і есірткі заттарын аса ірі мөлшерде сақтау, 35-і есірткі өсімдіктерін егу және тағы да басқа қылмыс болды. Сонымен қатар Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 296-бабында көзделген қылмыстық теріс қылықтың 410 дерегі анықталған.

Заңсыз есірткі айналымымен күрес аясында қабылданған іс-шаралардың нәтижесінде 157 келіден астам есірткі тәркіленді. Оның ішінде 100 келіден астамы – марихуана, 17,5 келісі – гашиш, 30,6 келісі – синтетикалық есірткі, ал қалған бөлігі басқа да есірткі түрлері болды.

Бұл бағытта жұмыс жалғасып жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру