Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмола облысында шетелдік жүргізуші полицейлерге алғысын білдірді

Ақмола облысында шетелдік жүргізуші полицейлерге алғысын білдірді, - деп хабарлайды Polisia.kz.

18 қаңтар таңғы сағат 9 шамасында Екатеринбург – Алматы тасжолында Жақсы ауданының полиция бөлімінің қызметкерлері Алматыдан Бакуге бара жатқан Әзірбайжан жүргізушісіне көмек көрсетті. Қостанайға қарай бет алған DAF жүк көлігі Жақсы ауылының маңында кюветке түсіп кеткен, жүргізуші қарлы жолда автокөлікті басқара алмай қалған.

Жақсы ауданының ПБ бастығының бірінші орынбасары Бауыржан Зейлбек, ӘПБ бастығы Аян Жақсылықов және КПБ кіші жедел уәкілі полиция сержанты Ұлынұр Талтуев көмекке барды. Тәртіп сақшылары алдымен көлікті қардан тазартып, содан кейін арнайы техникамен эвакуациялауды ұйымдастырды. Олардың жеделдігі мен үйлесімді жұмысының арқасында жүк көлігі өз сапарын жалғастыра алды. Жүргізуші полицейлерге көмегі мен кәсібилігі үшін шын жүректен алғыс айтты.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру