Жамбыл облысында полицейлер жасөспірімдердің жоғалу себептері туралы айтты
Жамбыл облысында полицейлер кәмелетке толмағандардың жоғалу себептері туралы айтты, - деп хабарлайды Polisia.kz.
2024 жылы Жамбыл облысында 317 баланың үйден немесе уақытша тұру орындарынан кетуіне байланысты 287 хабарлама тіркелген. Бәрі қысқа уақыт ішінде табылғанымен, олардың іздестіруіне үлкен күш пен ресурстар жұмсалынды.
Көбіне қыз балалар үйден кетсе, ұлдар сирек кездеседі. Кейбір балалар бірнеше рет үйден кеткен. Мысалы, 13 жастағы бала әжесінің ақшасын алып, үйден шығып кетіп, сыныптасының үйінен табылған. Оған бақылау күшейтіліп, арнайы мектепке жіберу мәселесі қарастырылды.
– Балалар көбіне «серуендеу», көрші ауылдарға бару, жаңа таныстар табу үшін үйлерінен шығып кетеді. Әлеуметтік мекемелерде тәртіп сақтағысы келмей, еркіндікке ұмтылса, үйден кету көбіне ата-анамен ұрыс, түсініспеушілік, немқұрайлылықтан туындайды. Кейбірі адасып немесе ойнап жүріп уақытты ұмытып қалған жағдайлар да кездеседі, – деді Жамбыл облысы ПД ЖПҚБ ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Әлішер Қалышев.
Үйден өз бетімен кету балаларды қылмыстық ықпалға ұрындырып, оларды қылмыс құрбаны етуі мүмкін. Сондықтан ата-аналар балалары үшін толық жауапты екенін ұмытпай, мұндай жағдайда дереу полицияға жүгінуі қажет.