Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы облысында полиция бастығы тұрғындардың мәселелерін тыңдады

Алматы облысында полиция бастығы тұрғындардың мәселелерін тыңдады, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы облысы полиция департаментінің бастығы Мейрам Әбікеев кезекті азаматтарды қабылдауын өткізіп, өңір тұрғындарының құқық қорғау орган басшысына өз сұрақтарын, мәселелерін және ұсыныстарын тікелей жеткізуіне мүмкіндік берді.

Ашық атмосферада өткен кездесуге облыстың әртүрлі аудандарынан келген тұрғындар қатысты. Азаматтар көтерген негізгі мәселелер қылмыстық істердің тергелу барысы, жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қоғамдық тәртіпті қорғау және полиция мен халық арасындағы өзара іс-қимылға қатысты болды.

Кейбір тұрғындар полиция қызметкерлерінің кәсібилігі мен мәселелерді жедел шешудегі әрекеттері үшін алғыстарын білдіруге мүмкіндік алды.

Тұрғындардың өтініштерін тыңдай отырып, Мейрам Әбікеев халықпен тұрақты әрі тікелей байланыс орнатудың маңыздылығын атап өтті.

– Мұндай кездесулер бізге тұрғындарды жақсырақ түсінуге, проблемалық тұстарды анықтауға және өтініштерге жедел әрекет етуге мүмкіндік береді. Бұл – біздің жұмысымыздың ажырамас бөлігі және “Халық үніне құлақ асатын мемлекет” тұжырымдамасының маңызды элементі. Ашықтық пен сенім – басты басымдық, – деп атап өтті облыстың полиция бастығы.

Қабылдау қорытындысы бойынша бас полицей әр көтерілген мәселе бойынша қол астындағы қызметкерлеріне нақты тапсырмалар беріп, барлық өтініштерді жеке бақылауына алды. Бірқатар мәселелер бойынша шешу жолдары да анықталды.

https://youtube.com/shorts/ioZwFZpf4VE?si=HOl8gkLUVouocK26

Сонымен қатар Мейрам Әбікеев өңірдің әрбір тұрғыны полицияға қабылдау сағаттары кезінде, жедел желі немесе онлайн-платформалар арқылы жүгіне алатынын еске салды.

– Біз әрдайым көмек көрсетуге дайынбыз. Біздің міндетіміз – тек құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету ғана емес, сондай-ақ тұрғындармен сенімді қарым-қатынас орнату. Өңірімізді қауіпсіз ету үшін, жұмыла жұмыс жасаймыз, – деді ол.

Алматы облысы полиция департаменті бастығының азаматтарды тұрақты түрде қабылдауы қоғам мен құқық қорғау органдары арасындағы кері байланысты нығайтуда маңызды буынға айналды. Бұл – халықтың қажеттіліктеріне бағытталған ашық әрі қолжетімді жүйені қалыптастыру жолындағы кезекті қадам.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру