ШҚО бойынша ҚАЖД бастығы облыстың шалғай аудандарға жұмыс сапарымен барды
ШҚО бойынша ҚАЖД бастығы облыстың шалғай аудандарға жұмыс сапарымен барды, - деп Polisia.kz.
Өткен аптада Шығыс Қазақстан облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің бастығы Нұрбек Қабдікаримов облыстың бірқатар шалғай аудандарына жұмыс сапарымен барып қайтты. Сапар барысында ол пробация қызметінің қазіргі жай-күйімен танысып, Күршім, Зайсан, Тарбағатай, Марқакөл және Самар аудандарында стратегиялық міндеттерді айқындады.
Департамент басшысы пробация қызметінің негізгі мақсаты – есепте тұрған адамдардың қоғамға қайта бейімделуіне жағдай жасау екенін атап өтті. Оның айтуынша, жұмыспен қамту мен алдын алу шаралары қайталанатын қылмыстардың санын азайтуға айтарлықтай ықпал етеді.
– Пробация қызметі тек бақылау функциясын атқарумен шектелмейді, ол – сотталғандарды қоғамға қайта оралту жолындағы маңызды институт. Біздің басты міндетіміз – есепте тұрған азаматтардың қылмыстық өмір салтына қайта оралуына жол бермеу, – деді Нұрбек Қабдікаримов.
Сапар барысында департамент басшысы пробация қызметінің жұмыс тиімділігін арттыруға бағытталған бірқатар тапсырмалар берді. Оның ішінде профилактикалық жұмысты күшейту, сотталғандарды қолдауға арналған қосымша бағдарламаларды әзірлеу және жұмыс орындарын құруда жергілікті кәсіпорындармен тығыз ынтымақтастық орнату мәселелері көтерілді.
– Біз жергілікті билік органдары және полициямен ашық диалог орнатуымыз қажет. Дөңгелек үстел форматындағы кездесулер тиімді шешімдер қабылдауға мүмкіндік береді деп есептеймін. Пробация қызметін одан әрі дамыту қойылған міндеттердің орындалу нақтылығына және басқа мемлекеттік органдармен белсенді әріптестікке байланысты, – деп атап өтті ҚАЖД бастығы.
Сапар барысында Нұрбек Қабдікаримов пробация қызметкерлерінің өзекті мәселелерін тыңдап, оларды жедел шешу бойынша нақты тапсырмалар берді. Ол жұмыс тиімділігін арттыруға бағытталған нақты шараларды ұсынды.
– Біз сотталғандармен жұмыс жасаудың жүйелі тәсілін қалыптастыруды жалғастырып, қылмыстың алдын алуға және әлеуметтік оңалтуға ерекше мән береміз. Тек бірлескен күш-жігер арқылы ғана қоғамның қауіпсіздігін қамтамасыз ете аламыз, – деп қорытындылады Нұрбек Қабдікаримов.
Күршім, Зайсан, Тарбағатай, Марқакөл және Самар аудандарында өткен кездесулер тек тексеру жұмыстарымен шектелмей, пробация қызметі, жергілікті билік және қоғам арасындағы байланысты нығайтудың маңызды қадамы болды.