Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

"Тұрмыс" ЖПІШ: Қызылорда облысында мыңнан астам азамат тексерілді

"Тұрмыс" ЖПІШ барысында полиция есебінде тұрған мыңнан астам қызылордалық тексерілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу мақсатында 20 қаңтардан бастап облыс көлемінде "Тұрмыс" жедел-профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр. Іс-шара шеңберінде отбасы-тұрмыстық қатынастар саласында құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша алкогольдік ішімдіктерді жүйелі түрде қолдануға бейім тұлғалармен жұмыс күшейтілді.

Полиция қызметкерлері қолданыстағы заңнаманы түсіндіру бойынша халық арасында кең ауқымды іс-шаралар өткізіп, тұрғылықты мекенжайлары бойынша есептегі адамдарды, сондай-ақ қолайсыз отбасыларды тексеруде. Отбасы тұрмыстық қарым-қатынастар саласындағы құқық бұзуға бейім 285 облыс тұрғыны полицияның профилактикалық есебіне алынды. Оның 250-і қорғау нұсқама санатымен болса, 42 құқық бұзушының мінез-құлқына сотпен ерекше талаптар белгіленді. 5 маскүнем еріксіз емдеу орнына жатқызылды.

Полицияның есебінде тұрған 1041 азамат тұрғылықты мекенжайлары бойынша тексерілді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру