Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылорда облысында сотталған азамат заңды некеге тұрды

Қызылорда облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты 37 мекемесінде жазасын өтеп жатқан сотталған азамат заңды түрде некесін қиып, маңызды қадам жасады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Некені қию рәсімі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүргізілді. Сотталған азамат мекеме заңгеріне некеге тұру туралы өтініш білдіріп, қажетті құжаттарды ресімдеген. Мекеме заңгері қалалық АХАЖ қызметі арқылы сотталғанға неке қию куәлігін табыстады.

- Отбасы – адам өміріндегі негізгі құндылықтардың бірі. Жазасын өтеп жатқан азаматтың отбасын құруға деген талпынысы оның өмірінде оң өзгерістердің басталғанын көрсетеді. Мұндай оқиғалар сотталғандардың қоғамға қайта бейімделуіне, өмірге жаңаша көзқараспен қарауына үлкен септігін тигізеді. Біз үшін басты мақсат – сотталғандарды тәрбиелеу, олардың қателіктерін түсініп, жаңа өмірге қадам басуына мүмкіндік беру. Бұл неке – сол мақсатқа жетудің бір айғағы деп білеміз, – деді мекеме заңгері Жалғас Есмаханов.

- Бүгін мен үшін өте қуанышты күн. Енді менің отбасым бар. Бұл қадам маған болашаққа сеніммен қарауға мүмкіндік береді. Жасаған қателіктерім үшін өкінемін. Ендігі мақсатым – түзеліп, жақындарыма лайықты тірек болу. Бұл мүмкіндікті сыйлағаны үшін мекеме қызметкерлеріне және маған сенім артқан қалыңдығыма алғысым шексіз, - деді сотталған азамат.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру