Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодарда ереже бұзған жүргізушілер жауапқа тартылды

Павлодарда ереже бұзған жүргізушілер жауапқа тартылды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Павлодар қаласында көлік қою ережелерін сақтамау салдарынан тұрғындардың жүріп-тұруына кедергі келтірген бірқатар жүргізушілер анықталып, жауапқа тартылды.

Лермонтов көшесіндегі 44-үйдің ауласында бір жүргізуші көлігін тікелей жаяу жүргіншілер жолына қойып, тұрғындардың еркін қозғалуына бөгет жасады. Дәл осындай жағдай Набережная көшесінде де тіркелді – Lexus автокөлігінің иесі Еуразиялық банктің маңындағы өткелді жауып тастады. Ал Назарбаев даңғылындағы үйдің тұрғындары кіреберіс маңында көлігін қараусыз қалдырған жүргізушіге шағым түсірді. Соның салдарынан жедел жәрдем қызметі аулаға кіре алмай, тұрғындарға көмек көрсетуге қиындық туындады. Полиция бұл тәртіп бұзушыларды анықтап, әкімшілік жауапкершілікке тартты.

– Тротуарға қойылған көлік – жаяу жүргіншілер үшін үлкен қолайсыздық тудырады. Арбамен жүрген аналар, қарттар, балалар үшін бұл – ерекше қиындық. Сонымен қатар, қоғамдық көлік аялдамаларында көлік қоюға болмайды, өйткені ол жолаушылар мен басқа көліктердің қозғалысына кедергі келтіреді. Тұрғын үйлердің аулаларында да арнайы ережелер бар: жолды бөгеп қоюға немесе арнайы техникаға арналған орындарды басып алуға тыйым салынады. Әрбір жүргізуші осы қағидаларды сақтаса, тек айыппұлдан құтылып қана қоймай, қаланы бәріне ыңғайлы етуге үлес қосады, – дедң Павлодар облыстық полиция департаменті.

Жыл басынан бері көлік қою ережелерін бұзғаны үшін 163 жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Егер сіз осындай құқық бұзушылықтың куәгері болсаңыз, "102" нөміріне хабарласыңыз, "Police 102" мобильді қосымшасын пайдаланыңыз немесе @dp_pavlodar Instagram парақшасына жазыңыз.

"Заң және тәртіп" қағидаты – азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мен қоғамдық тәртіпті сақтау жолындағы ішкі істер органдарының басты ұстанымы. Ереже бұзған әр азамат өз әрекеті үшін міндетті түрде жауап береді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру