Алаяқтық үшін іздеуде жүрген қыз Бішкекте ұсталды
Қазақстан ІІМ Интерпол Ұлттық орталық бюросының сұрауы бойынша Бішкек халықаралық әуежайында аса ірі мөлшерде алаяқтық жасағаны үшін іздеуде жүрген 26 жастағы қыз ұсталды, - деп хабарлайды Polisia.kz.
2023 жылдың жазында ол өзге адамдармен бірге банктердің бірінің клиенттерін алдау арқылы банк қосымшасының көмегімен ақша ұрлаған. Келтірілген шығын 237 миллион теңгеден асады.