Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Таразда полицейлер жол ережелерін өрескел бұзған жүргізушіні жауапкершілікке тартты

Таразда полицейлер жол ережелерін өрескел бұзған жүргізушіні жауапкершілікке тартты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жамбыл облысында жол қозғалысы ережелерін бұзған әйел әкімшілік кодекстің 3-бабы бойынша жауапкершілікке тартылды.

Тараз қаласында белгіленген аумақты патрульдеу кезінде Тараз қаласының патрульдік полиция батальонының қызметкерлері таңғы сағат 06:00-де жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзғаны үшін BMW автокөлігін тоқтатқан. Мемлекеттік нөмірі жоқ көлік құралын басқарған облыс орталығының 29 жастағы тұрғыны маневр жасау ережелерін де бұзған.

Сонымен қатар құжаттарды тексеру барысында оның міндетті сақтандыру шартын жасамағаны анықталды.

Полицейлер жүргізуші әйелге қатысты, яғни мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерінің жоқтығы, сақтандыру полисінің жоқтығы және маневр жасау ережелерін бұзғаны үшін үш хаттама толтырды.

Жамбыл облысының полиция департаменті азаматтарға жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтау қажеттігін ескертеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру