Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Астана тұрғыны 4 млн теңгені алаяқтықпен иемденген

Астана тұрғыны жұмысқа орналастыруға уәде етіп, жәбірленушіден 4 млн теңге қаражатты алдап алған, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Елордада жігіт "жұмысқа орналастырамын" деген уәдемен алаяқтық әрекетке барған.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Сарыарқа ауданы ПБ қызметкерлері алаяқтық жасаған 47 жастағы ер адамды анықтады.

Тергеу барысында ер азаматтың жұмысқа орналастырамын деген сылтаумен алаяқтық жасағаны белгілі болды. Жәбірленуші күдіктінің уәдесіне сеніп, айтқан сөздерінің бәрін орындаған. Осылайша алаяқтың банк карточкасына сұраған ақшасын аударып отырған.
Келтірілген шығын көлемі шамамен 4 млн теңгені құраған.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Елордада жасалған осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатыстылығы тексеріліп жатыр.

Астана қаласы полиция департаменті азаматтарды қырағы болуды, бейтаныс адамдарға сенбеуді және көп көлемде ақша аудармауды ескертеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру