Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкентте қорғау нұсқамасын бұзудың 8 дерегі анықталды

Шымкентте қорғау нұсқамасын бұзудың 8 дерегі анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

ҚР Ішкі істер министрлігінің нұсқауына сәйкес, бұрын сотталған азаматтармен жасалатын қылмыстардың алдын алу мақсатында 10-23 ақпан аралығында "Есепте тұрған тұлғалар" жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіліп жатыр.

Іс-шара барысында бір тәулік ішінде ішкі істер органдарының есебінде тұрған 1912 тұлға тексерілді. Пробация қызметінің есебіндегі 194 тұлға тексеруден өтті.

Тексеру нәтижесінде анықталған құқық бұзушылықтар: әкімшілік қадағалау талаптарын бұзған 7 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Қала бойынша мерзімінен бұрын шартты түрде босатылған 212 тұлға есепте тұр, олардың 14-і бір тәулікте құқық бұзушылық жасаған. Пробация есебіндегі тұлғалар жасаған 5 құқық бұзушылық анықталды. Қорғау нұсқамасын бұзудың 8 дерегі тіркелді. Ерекше талаптарды орындамаудың 6 жағдайы анықталды. Шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған тұлғаны түзеу мекемесіне қайтару туралы сотқа 2 ұсыныс жолданды.

Іс-шара жалғасып жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру