Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қазақстанның динамошылары Азия ойындарын бағындыруда

Харбиндегі қысқы Азия ойындары "Динамо" дене шынықтыру-спорт қоғамының спортшылары үшін сәтті болды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Шорт-тректен эстафетада еліміздің ерлер құрамасы Азия ойындарының алтын медалін жеңіп алды. Спортшылар қатарында ІІМ Ұлттық ұланының штаттық спорт командасының спортшысы қатардағы Абзал Әжғалиев бар.

Владислав Киреев 10 шақырымдық спринт жарысында жеңіске жетіп, қысқы Азия ойындарының чемпионы атанды.

Дәл осы сында тартысқа түскен Вадим Куралес күміс медаль жеңіп алып, жоғары дайындығын көрсетті.

Конькимен жүгіруші Евгений Кошкин сайыстың күміс жүлдегері атанды. 100 метр қашықтықта өнер көрсеткен спортшы әлемдегі ең үздік нәтижелердің біріне қол жеткізді.

Шаңғышы Константин Борцов та "күміс" алды. Ол спринт жарысында классикалық стильде өнер көрсеткен болатын.

Олжас Климин шаңғы жарысында 10 метр қашықтықта еркін стильде "қоланы" қанжығасына байлады.

Конькимен жүгіруде командалық спринтте Надежда Морозова қола жүлдегер атанды.

Бұл спортшылардың барлығы "Динамо" дене шынықтыру-спорт қоғамының тәрбиеленушілері.

Биыл спорт ұйымына 100 жыл. Осы уақыт ішінде ол көптеген білікті спортшыларды даярлады.

Саңлақтардың бүгінгі жетістіктері - еліміздегі қысқы спорт түрлерінің дамуына зор үлес.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру